Ақтөбеде кәмелетке толмаған адамға зорлық жасады деп айыпталған сотталушы тергеу изоляторында суицид жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ
Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде 16 жасқа толмаған адамға зорлық көрсеткені үшін күдікті болған, тергеу-қамауға алынған адамНЫҢ өзіне қол жұмсауы тіркелді, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
САРАПТАМА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.