22 жастағы бойжеткен Астанадағы «Highvill Astana» тұрғын үй кешенінің 24-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқыс оқиғаға байланысты Полиция департаменті түсініктеме берді.
18 қазан күні сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция басқармасына кіреберістің жанынан қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгеннен кейін көз жұмған 22 жастағы адамның жеке басы анықталды. Болжам бойынша, марқұм тұрғын үйдің 24-қабатынан секіріп кеткен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана ПД.
Естеріңізде болса, бұған дейін астана маңында 14 жастағы қыз өзіне қол салып, қайтыс болғаны туралы жазғанбыз.
Сонымен қатар, Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлағанбыз.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушылары арасында өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюі оқушылар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруды талап ететінін айтқан еді.
Қазақстанда соңғы уақытта суицид жағдайлары жиілеп кетті.
Жуырда Almaty Management University студентінің мәйіті табылған болатын.
Оның алдында сержант Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында суицид жасаған.
Сондай-ақ 18 жастағы жігіт Алматыдағы Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен еді.
Одан бөлек Алматыда 12 жастағы жасөспірім қыз 13-қабаттан секіріп өзіне қол салған. Оның алдында екі оқушы қыз 8 қабаттан секіріп мерт болған еді. Жасөспірімдердің суицидін өзіне қол салуға итермелейтін қауіпті ойындармен байланыстырып жатқандар бар. Алайда бұл нұсқа ресми расталмады.