×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Индонезияда жанартаудың атқылауы кезінде 13 адам мерт болды

05.12.2021, 11:34
Фото: ашық дереккөз

Аймақтағы Семеру жанартауының атқылауы әлі тоқтаған жоқ. Соңғы мәлімет бойынша 13 адам көз жұмып, 100-ге жуығы жарақат алған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

bbc.com-ның мәліметінше, билік жақын маңайдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Алайда жанартау түтінінен көру мүмкіндігі нашарлап, эвакцуациялау жұмыстары қиындап тұр.

«Апат болған аймақтан 900-ден астам адам эвакуацияланды», - дейді үкіметтің табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету агенттігінің өкілі.

Еске сала кетсек, Индонезияда 130-ға жуық белсенді жанартау бар. Солардың бірі – осы Семеру. Биіктігі 3 жарым мың метрден асатын жанартау биыл қаңтардан кейін алғаш рет кеше атқылай бастаған. 

Серіктес жаңалықтары