×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

19 жастағы қыз: «Мисс Астана - 2024» атағын кім жеңгені белгілі болды

19.10.2024, 02:05
19 жастағы қыз: «Мисс Астана - 2024» атағын кім жеңгені белгілі болды
Әлеуметтік желіден

Астанада бүгін "Мисс Астана - 2024" байқауының финалы өтіп, елордадағы ең сұлу қыз анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биыл "Мисс Астана" сұлулық байқауының гранд-финалы Astana Music Hall сахнасында өтті. Тәж үшін 14 ару бақ сынасты.

Бірінші орынды 19 жастағы Ясмин Байболова жеңіп алды. Ол Қазақ ұлттық хореография академиясының түлегі. Жеңімпаз тәж және 500 мың теңге сыйақыға ие болды. Байқау серіктестері одан бөлек, оған 1,5 миллион теңгеге тон сатып алуға сертификат, сондай-ақ сұлулық клиникасына 500 мың теңгелік сертификат және басқа да сыйлықтар табыстады.

Енді Байболова Алматы қаласында өтетін ұлттық "Мисс Қазақстан" сұлулық байқауында елорданы таныстырады. Байқау "The Art of Being a Woman" ("Әйел болу өнері") ұранымен өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Мисс Астана" байқауы қыздарға сыртқы сұлулығын ғана емес, сонымен бірге ішкі күш-қуаты мен жоғары моральдық принциптерін ашуға мүмкіндік береді.