×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Далада 12 градус: маңғыстаулықтар жылусыз отыр

23.10.2024, 00:35
Далада 12 градус: маңғыстаулықтар жылусыз отыр
Әлеуметтік желіден

Маңғыстаулықтар қыс басталмай жатып ыстық сусыз және жылусыз отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы саясаттанушы Сырым Итқұлов желідегі парақшасында жариялады. 

Ол инстаграмда маңғыстаулықтардың чатында осы мәселені көтергенін жазды. Сөзіне дәлел болуы үшін сол чатты видео түсіріп жүктеген. 

“БАЛАЛАРЫМЫЗ АУЫРЫП ЖАТЫР”

Бірнеше азамат үйде жылу болмағандықтан балалардың сырқаттанып жатқанын жазған. 

“Балаларымыз ауырып жатыр. Су тіпті жылу да жоқ”, – дейді қала тұрғыны.

Ал енді біреулері бүгін, ертең деген жауаптылардың жалған уәдесінен шаршағанын айтады. 

“Қашан қосасыздар? Бір апта болды ғой осылай айтып жүргендеріңізге”, – дейді енді бір тұрғын. 

Қала әкімдігі құбыр жарылғанын, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын сондықтан осындай амал қолдауға тура келгенін айтады. Осы жаңалық жарияланған сәтте маңғыстаулықтарға жылу жеткені не жетпегені белгісіз. 

ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛҒАН САРАН

Бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласының жылусыз қалғанын жазған едік. 

Қыс басталмай жатып жылу жүйесі істен шыққан қаланың басшылығы үйлерді резервтік жүйе арқылы жылытпақ