×
$
458.45
531.39
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.45
531.39
5.29

Қазақстанда ауа температурасы қайтадан +33°C-қа дейін көтеріледі

Бүгін, 13:38
Қазақстанда ауа температурасы қайтадан +33°C-қа дейін көтеріледі
shutterstock

Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылынады. Жуырдағы салқындықтан кейін ауа температурасы қайтадан +33°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 3-5 қыркүйек күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалы байқалады. Осыған байланысты өңірлердің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бұлтсыз ауа рай болады.

Сонымен қатар суық ауа массасының әсері біртіндеп әлсіреп, температура көтеріледі. Дегенмен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі уақытта әлі де салқын болады.

Қазақстанның солтүстік-шығысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыздау болады. Бұл өңірлерде кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады және жел күшейеді.

Ауа температурасы қандай болады:

  • батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде — +28…+33°C;

  • солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде — +23…+30°C;

  • оңтүстік-шығыста — +20…+27°C;

  • таулы және тау бөктеріндегі аудандарда — айтарлықтай салқын, +10…+15°C.

Осылайша, қыркүйектің басында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: кей өңірлерде салқын күндер сақталса, басқа аймақтарда температура қайтадан жазғы көрсеткіштерге жақындайды.