×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Асқар Жұмаділдаев «Еңбек Ері», Нұржан Светқали мемлекеттік сыйлық иегері атанды

23.10.2024, 09:55
Асқар Жұмаділдаев «Еңбек Ері», Нұржан Светқали мемлекеттік сыйлық иегері атанды
коллаж

Республика күні қарсаңында бірқатар мемлекеттік марапаттар табысталды, деп хабарлайды. 

 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫ

Президент қаулысына сай, отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Ұлттық ғылым академиясының президенті Асқар Жұмаділдаев жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленіп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен марапатталды.

Осындай атақ елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласындағы «№ 4 арнайы мектеп-интернат» мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісоваға, Орал қаласындағы «Асан Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназия» мұғалімі Эльмара Траисоваға, өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қарағанды облысындағы «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокопға табыс етілді.

МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ

Сондай-ақ Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын алушылар белгілі болды. Олар:

1) Нұржан Светқалиға, ақын – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2) Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына, жазушы – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3) Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына, авторлық ұжымға – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4) Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына, суретші – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілсін.

ӨЗГЕ НАГРАДАЛАР

Бұдан бөлек елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған. Ақорда хабарламасында жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым жұмысшылардың мәртебесін асыруға, еңбек әулеттерінің қоғамдағы абырой-беделін арттыруға айрықша мән берілгені айтылады. Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар.