×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Зеленский БҰҰ Бас хатшысын Украинаға келгізбеді

25.10.2024, 23:50
Зеленский БҰҰ Бас хатшысын Украинаға келгізбеді
dw.com/Alexander Shcherbak/ITAR-TASS/IMAGO

Украина президенті Владимир Зеленский  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Ресейде өткен БРИКС саммитіне қатысуына байланысты оның Киевке келуін құп көрмей, қабылдамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы AFP агенттігі жұма, 25 қазанда президентке жақын жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап жеткізген. Ақпаратты “РБК-Украина агенттігінің” президент кеңсесіндегі дереккөздері растаған.

«Қазаннан кейін (Гутерриш - ред.) Украинаға келгісі келді. Бірақ президент оның сапарын мақұлдамады. Сондықтан Гутерриш, атап айтқанда, Қазандағы парасаттылық пен халықаралық құқықты қорлағаны үшін мұнда келмейді», деп жеткізген дереккөз иесі AFP-ға.

Гутерриш Қазанда өткен саммитте Украинаны «әділ бейбітшілікке» шақырған.

"Біз үшін Украинада бейбітшілік орнағаны керек. Әділ бейбітшілік – БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және әлемдік ұйымның Бас Ассамблеясының қарарына сай келеді", – деген Гутерриш.

Оның айтуынша, «барлық мемлекеттердің егемендігі, аумақтық тұтастығы және саяси тәуелсіздігі қағидаттарын» құрметтеу қажет.