×
485.11
523.82
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.11
523.82
5.02

Вьетнам Астанаға тікелей рейс ашады

Вьетнам Астанаға тікелей рейс ашады
Фото: ҚазТАГ

Вьетнам Фукуок аралынан Астанаға тікелей рейс ашады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Vietjet Air вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр, - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТАДЫ

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні айтылған.

Еске сала кетейік, жақында Алматы әуежайында ұзын-сонар кезек пайда болған еді.