×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ұрланған жылқыны үй ішіне байлап қойған

07.12.2021, 07:13
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Астарахан ауданы Петровка ауылында ұрланған жылқы үй ішіндегі бөлмеден байлаулы күйінде табылды деп хабарлайды Ulysmedia. 

Жалпы үш жылқы қолды болып, олардың иесі полицияға жүгінген. Содан арнайы иісшіл итпен іздей келе, жануардың бірі жер үйдің залынан табылды. Оны алып кеткен кісі қасында, масаң жағдайда қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан. Аяқкиімінің табанынан қораға кіргені байқалады.
«Биеден басқа екі жылқы далада жүрген жерінен тізгінделіп, айыпты тұрғынға қатысты іс қозғалды», – дейді дереккөз.
Келтірілген зиян мөлшері 950 мың теңгені құрап отыр.
Серіктес жаңалықтары