Грузия президенті Саломе Зурабишвили халқына үндеу жасап, ол парламенттік сайлаудың нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Президент Зурабишвили елдегі өткен сайлауға “заңсыз және легитимді емес” деп баға берді.
Сондай-ақ ол сайлауда көптеген өрескел заң бұзу фактілері тіркелгенін атап өтті.
“Бұл сайлаудың нәтижесін мойындау мүмкін емес. Бұл елімізге Ресейдің келуін құшақ жая қарсы алумен бірдей, Грузияны Ресейге бағындырумен бірдей дүние”, – деді ел президенті.
Сонымен қатар Президент үндеу барысында ертең сағат 19:00-де оппозиция өкілдерін жаппай митинг өткізуге шақырды.
Ескерте кету керек, Грузия – унитарлы парламенттік республика.
Бұған дейін Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили қамауда отырғанына қарамастан әлеуметтік желі арқылы парламентке бойкот жариялап, отандастарын наразылық шерулеріне шығуға шақырған.