×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

29.10.2024, 11:06
Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Көрнекі сурет

Ақмола облысы Ерейментау ауданында пайдаланылмай жатқан жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Ерейментау ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан 6 жер телімін мемлекетке қайтарып, тағы 8-ін алу бойынша іс жүргізіп жатқаны белгілі болды.

“Қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 150 млн теңгені құраған, жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайтын 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылды” делінген хабарламада.

БӨЛЕК ІСТЕР

Сондай-ақ аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 млн теңгені құрайтын ауданы 59,2 мың гектар 8 жер телімін алып қою бойынша азаматтық істер сотта қаралуда.

Бүған дейін Түркістан шенділері 270 жер учаскесін заңсыз үлестіріп жібергені хабарланған.

Сондай-ақ СҚО шенділері 54 мың гектар жайылымдық жерді заңсыз беріп жібергені белгілі болды.