×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаңтар оқиғасы. Халықаралық ұйымдар азаптауға қатысты қайта тергеу жүргізуді ұсынды

29.10.2024, 14:07
Қаңтар оқиғасы. Халықаралық ұйымдар азаптауға қатысты қайта тергеу жүргізуді ұсынды
ашық дереккөз

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік ұйымы (IPHR) мен Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық бюро Қазақстан билігінің екі жарым жылдан астам уақыт бойы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасын халықаралық тергеуден бас тартып отырғанына алаңдайтынын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Азаттықтың жазуынша, құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған адамдардың көбі қатыгездік көрді, жүздегені азапталды деді. Бірақ “Қазақстан билігі бұл мәлімдемелерді тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуға тиісті шара қабылдаған жоқ” деп жазылған IPHR мен халықаралық бюро есебінде.

ЖАЗАҒА ТАРТЫЛҒАНДАР АЗ

2024 жылғы қаңтардағы ресми ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдарының 34 қызметкері Қаңтар оқиғасына байланысты азаптаулар мен басқа да істер бойынша сотталған. Содан бері тағы бірнеше айыптау үкімі шықты, әлі жалғасып жатқан сот істері бар. Қаңтарда ұсталғандардың қатыгездік көргені туралы жүздеген шағым барына қарамастан, пропорционал түрде алғанда, жазаға тартылғандар саны аз деді халықаралық ұйымдар.

2024 жылы жазда Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік ұйымы Қаңтарда азапталған бірқатар адаммен сөйлескен. Олардың көбі азаптау туралы шағымы "дәлелдер жоқ" деген желеумен жабылып қалғанын, өтемақы ала алмағанын айтқан.

IPHR мен Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық бюро халықаралық қоғамдастықты осы проблемаларға назар аударуға және Қазақстанда адам құқықтарын қорғау жөніндегі күш-жігерді қолдауға шақырған.