Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Қатаев Талғар ауданына жаңа прокурорды таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Жаңа прокурор болып Ерлан Тағаев тағайындалды.
Ерлан Алижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, қызметін Карағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.
Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы, ШҚО түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының прокуроры қызметін аткарған.
Бұған дейін Талғар аудандық прокуратурасын Ескендір Бекманов басқарған. Ол Талғардағы қанды оқиғадан кейін ұзамай қызметінен кеткен.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты.
12 қазанға қараған түні әлдекімдер марқұмның отбасының үйін өртеп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.