×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей тағы бір сылтау тапты. Енді «Қазақстан алаяқтық жасады» деп байбалам салып жатыр

30.10.2024, 17:16
Ресей тағы бір сылтау тапты. Енді «Қазақстан алаяқтық жасады» деп байбалам салып жатыр
ашық дереккөз

Ресей шекарадан азық-түлік өткізген кезде Қазақстан тарапынан жасалатын «алаяқтық» туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Курсив басылымының жазуынша, Ресейдің ауыл шаруашалығын қадағалау мекемесінің пікірінше, Ресейге экспорттауға фитосанитарлық сертификаттарды рәсімдегенде, Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы мемлекеттік инспекция комитеті сыртқы экономикалық қызмет көрсетпейтін 100 фирманың реквизиттерін пайдаланған көрінеді.

Жеткізілген жері бойынша фитосанитарлық тексеруден жалтару мақсатында, ЕАЭО аумағында өсімдік өнімдерін бақылаусыз тасу үшін, комитет бірнеше жыл бойы көлеңкелі тәртіпті қолданып келді, – дейді ресейлік мекеме. 

Ресейдің ауылшаруашалығын қадағалайтын мекеменің айтуынша, осы «алаяқтық схеманың» кесірінен қауіпті ауру жұққан карантиндік нысандар Кеден одағының аумағына әкелінген.

Оның үстіне, Қазақстан тарапының мұндай заңсыз әрекеті салық төлеуден жалтаруға алғышарт жасап, елдер арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты тауар айналысын бұрмалайды, – деп айыптайды ресейлік мекеме.

РЕСЕЙЛІК ОРГАН МӘЛІМДЕМЕСІ

Ресейдің ауылшаруашалығын қадағалау мекемесінің дерегінше, жарамсыз фитосанитарлық сертификаттарды екі жыл пайдаланыпты. Осы уақыт ішінде Қазақстан 120 тонна өсімдік өнімдерін тасыған. Жалпы алғанда шекарада 260 мың тонна жеміс-жидек, көкөніс өнімдері тексерілмеген.

Ресейдің ауыл шаруашалығын қадағалау мекемесінің қолында сыртқы экономикалық қызметтің ресейлік қатысушыларынан келіп түскен көп шағым бар. Онда заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу үшін қазақстандық тараптың олардың мәліметтерін пайдаланғаны туралы айтылады, – дейді ресейлік орган.

Мәлімдемеге қарағанда, Ресейдің ауылшаруашалығын қадағалау мекемесі осы елдің құзырлы органдарымен бірігіп, қазақстандық тараптың осы схеманы қандай мақсатта қолданғанын анықтамақ.

Аталған мекеме қараша айында Қазақстаннан бидай, қауын және басқа да көкөністерді тасуға тыйым салған болатын. Қазақстан үкіметі көрші елмен келіссөз бастаған еді. Вице-премьер Серік Жұманғарин БРИКС-ке кіруге асықпағаны үшін Мәскеудің қысым көрсетіп жатқанын жоққа шығарғанымен, артынша Қазақстан ресейлік бидайды импорттауға тыйым салды.