×
491.7
531.28
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.7
531.28
5.07

Ресей полициясы армия беделін түсірді деп 10 жастағы оқушыға шүйлікті

Бүгін, 18:06
Ресей полициясы армия беделін түсірді деп 10 жастағы оқушыға шүйлікті
Көрнекі сурет

Аннекцияланған Қырымдағы Саки қаласында полиция жергілікті оқушыға видеосына бола шүйлігіп, анасын жауапқа тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Полиция 10 жастағы қыз баланың тик-тогынан “РФ Қарулы күштерінің беделін түсіретін” және “Ресейдің мемлекеттік туын қорлайтын” белгілерді тапқанын мәлім етті.

Видеода қыз бала Украина мен Ресей туы арасында таңдау жасайды. Ол біріншісіне жүрекше, екіншісіне ашуланған эмодзи қойған.

АНАСЫНА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Мектеп оқушысы жауапкершілікке тартуға болатын жасқа толмағандықтан, полиция оның 38 жастағы анасына кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша хаттама толтырған. Полиция қызметкерлері жинаған барлық материалдарды Саки қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі әкімшілік комиссиясына қарауға берген.

ЕСКЕРТУ

Осы  жағдайдан кейін полиция тұрғындарға ескерту жариялады.

“Полиция қызметкерлері еске салады: Егер Сізде жасалған қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ заңсыз әрекеттерді жасауға дайындалып жатқан адамдар туралы ақпарат болса, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз. 102 тікелей желісі тәулік бойы жұмыс істейді” делінген Саки қаласы полициясының хабарламасында.