Испаниядағы табиғат апатының әсері 31 қазанға дейін созылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
72 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Испанияның шығысы мен оңтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 72 адам қаза тапты.
ӘЛІ ДЕ КӨБЕЮІ МҮМКІН
Билік қаза тапқандар санының көбеюі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Автомобиль жолдарын су басып, су тасқындары көпірлер мен көліктерді шайып әкетіп жатыр. Валенсия мен Мадрид арасындағы теміржол қатынасы үзілген. Малага маңында 300-ге жуық жолаушысы бар жылдам жүретін пойыз рельстен шығып кеткен, зардап шеккендер жоқ.
КӨМЕККЕ ӘСКЕРИЛЕР ЖІБЕРІЛДІ
Адамдарды эвакуациялау үшін құтқарушылар қайық мен тікұшақ пайдаланып, төтенше қызметтерге көмекке әскерилер жіберілді.