Алматыдағы онлайн сауда алаңдарының бірінде Bugatti Chiron автокөлігі сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлемде барлығы 500 дана Chiron шығарылған. Өндіріс 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталған.
Сұр түсті қымбат көлікті иесі “сатуға асықпаймын” деп жазған. “Гаражымдағы үшінші спорткар” деп жазады ол.
Автоблогер Андрей Андреев ең қызығы, 500 адам хабарламаны өзіне сақтап қойғанына назар аударады. “Бұл көлікке деген сұраныс не деген көп, жақсы өмір сүруге тыйым сала алмайсың” дейді ол.