×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Каспий мұнай, NCOC, KUS – ең көп айыппұл төлеген мұнай компаниялары аталды

01.11.2024, 15:28
Каспий мұнай, NCOC, KUS – ең көп айыппұл төлеген мұнай компаниялары аталды
ашық дереккөзден

Экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында инспекциялық қызмет 2023 жылы 652 тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЙЫППҰЛДАР МЕН ҰЙҒАРЫМДАР

Мәжіліске келген экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев инспекторлардың тексеруі нәтижесінде 1679 заңбұзушылық анықталғанын хабарлаған еді. Оларды жою туралы 628 ұйғарым берілген. Жалпы сомасы 322,9 млрд теңгеге 2138 әкімшілік айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңге мөлшеріндегі 1834 әкімшілік айыппұлы өндірілген. Қалған айыппұлдарды өндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

– 2024 жылдың 9 айында 761 тексеріс жүргізілді. 2045 бұзушылық анықталды, 1262 ұйғарым берілді, жалпы сомасы 80,8 млрд теңгеге 1670 айыппұл салынды, – дейді ол.

Айыппұлдардың ең көп саны келесі компаниялар бойынша өндірілген:

  • «Каспий мұнай» компаниясына 13,6 млрд теңге.
  • «НКОК» компаниясына 12,4 млрд теңге.
  • «Karabatan Utility Solutions» компаниясына (Карабатан Ютилити Солюшнз) 7,2 млрд теңге.
  • «Теңізшевройл» компаниясына 2,8 млрд теңге.