×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

12 жастағы қызға 6 жыл бойы туысқан ағалары азғындық жасап, зорлап келген

01.11.2024, 16:28
12 жастағы қызға 6 жыл бойы туысқан ағалары азғындық жасап, зорлап келген
Иллюстрация

Мұндай адам шошырлық ақпарат инстаграмдағы abdulla_kzkz парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Парақшадағы ақпаратқа қарағанда, қоғамның қабырғасын қайыстырған сұмдық жағдай Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында болған.

“Қаршадай қызды зорлады деген күдікке, әкесінің бауырлары іліккен. Бірінің жасы 35-те болса, екіншісі 37-де екен. Айтуға ауыз бармайтын сұмдықты, ата-анасы қыз бала жүкті болған кезде ғана бірақ білген. Қазір 12 жастағы қыздың құрсағында 7 айлық бала бар! Ораз Жандосов атындағы орта мектептің оқушысы осы уақытқа дейін мектепке барып жүрген. Ондағылар да қыздың жүкті екенін байқамай келіпті… Күдіктілердің екіншісі Нурланов Ерғали Ниетбекұлы қашып жүріп, бүгін ұсталған” делінген ақпаратта.

РЕСМИ РАСТАУ

Екінші күдіктінің ұсталғанын Жамбыл облысының полицейлері де хабарлаған.

Полицейлер оны Шу ауданынан 60 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында ұстаған.

“Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірінші күдіктіні полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстаған болатын. Бұл қылмысты жасау өмір бойына бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін” деп атап өтті Жамбыл облысының полиция департаменті.

ОМБУДСМЕН МӘЛІМДЕМЕСІ

Балалар омбудсмені Динара Закиева жапа шеккен қыз бала мен анасы қауіпсіз жерге жеткізілгенін мәлім етті.

«Қылмыстық іс қозғалды, қыз бала анасымен бірге қауіпсіз жерге жеткізілді, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасары басшылығымен өткен көшпелі комиссия отырысының нәтижесінде шаралар қабылданып, аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шешімдер қабылданды. Ауылда тек бір ғана мектеп бар, ал психологқа арналған сауалнамада қыз бала көмекке мұқтаж екенін білдірген. Алайда қажетті жұмыстар жүргізілмеген. Мен немқұрайлық танытқан жауапты тұлғаларды жауапқа тарту үшін прокуратураға жүгіндім», деді Динара Закиева.