×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әскерилер өміріне араласқан ЖИ. Дәретханаға үш сарбаздан артық кіргізбейді

01.11.2024, 16:51
Әскерилер өміріне араласқан ЖИ. Дәретханаға үш сарбаздан артық кіргізбейді
ашық дереккөз

Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиев әскери қызметшілердің іс-әрекетініс-әрекетін  бейнебақылау және ЖИ көмегімен қалай бақылайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев журналистердің армиядағы әлімжеттік пен зорлық мәселесін қалай шешетіні туралы сұрағынан кейін әскери бөлімдерде бейнебақылау жүйесі жетілдіріліп жатқанын айтты.

Біз қазір камераға ілінбейтін "өлі аймақтарды" зерттеп жатырмыз. Әскери полиция басқармасымен бірлесе отырып, қандай аймақтарды камералармен қамту керектігін анықтаймыз. Бұйрыққа өзгерістер енгізіп, сол жаңа нормаларды ескере отырып, үй-жайларды жабдықтау үшін әскерлерге жіберіледі, – деп түсіндірді вице-министр.

ДУШ ПЕН ДӘРЕТХАНАҒА НАЗАР

Сондай-ақ ол "дедовщина аумағы" саналатын орындар – душ пен дәретханаларға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Онда сарбаздардың іс-әрекетін жасанды интеллект бақылайды.

Дәретханаға, әрине, ешкім камера орнатпайды. Бірақ камералар дәлізде болады деп болжануда. Біз қазір бейне ағындарын зерттеу үшін жасанды интеллект енгізіп жатырмыз. Әскери қызметшілер бір жерде ұзақ уақыт болған кезде, осы үй-жайларға кіре берісте адамдар жиналған кезде (бір уақытта екі-үш және одан да көп адам), олар белгілі бір уақытта камераға түспей қалған кезде жүйе бөлім кезекшісіне және жоғары тұрған органдарға сигнал беретін болады, – деп толықтырды Ахмедиев.

Оның айтуынша, дабыл сигналы түскен жағдайда бейнені әскери полиция органдары автоматты түрде алады.