Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487-492 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 490,3 теңге. Еуро 529,5 – 533,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 492 теңге.
Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 – 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 1 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,04 теңгеге қымбаттап, 488,2 теңге болған.