×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыға жақын маңда жер сілкінді

02.11.2024, 12:29
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Ашық дереккөзден

Алматы қаласынан 258 шақырым жердегі Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10.50-де жер сілкінгенін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құраған жер сілкінісі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген», – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираул туралы мәлімет түскен жоқ.

Еске сала кетсек, 30 қазан күні Балқаш көлі маңында жер сілкінген болатын.

Сондай-ақ 26 қазан күні Астана уақытымен сағат 11:24-те Жетісу облысындағы Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінген еді.