×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бар жағдайы бола тұра үйленбесе, ол адам не ауру, не күнәһар – Мұхамеджан Тазабек

03.11.2024, 10:03
Бар жағдайы бола тұра үйленбесе, ол адам не ауру, не күнәһар – Мұхамеджан Тазабек
Ашық дереккөзден

Белгілі айтыскер, дінтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек үйленбей жүрген адамдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы дінтанушы өзінің Instagram-дағы парақшасындағы шағын видеода айтып өтті.

Оның айтуынша, денсаулығы дұрыс, қаржылық жағдайы жеткілікті, басы бос адамдардың үйленбей жүруі – күнә.

“Егір сіздің денсаулығыңыз ұрып тұрса, жасыңыз жетіп тұрса, басыңыз бостандықта болса, қаржы-қаражатыңыз жеткілікті бола тұра үйленбеу, ол – күнә. Себебі ғұламалардан қалған “Бір адамның осыншама бүкіл жағдайы бола тұрып үйленбесе, ол не ауру, не күнәһар” деген сөз бар. Сондықтан жағдайыңызға қараңыз”, дейді М.Тазабеков.

Сондай-ақ ол кімдер “екі жарты – бір бүтін” болғанша сабырмен күте тұруы керектігін де айтып өтті. 

“Ал енді жағдайыңыз жартылай болса, сәл сабырмен күтуге тура келеді. Ал үйленуге денсаулығыңыз мүлдем жарамаса, бір адамның тағдырын қор қылатындай болсаңыз, онда сабыр қылып, Алладан сұрап, денсаулығыңыз түзелгенше, біреуді асырауға мүмкіншілігіңіз жеткенше сабыр қыласыз”, дейді Мұхамеджан Тазабек.