×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Резервуарды толтыру тауқыметі: ақтаулықтар неге сусыз отыр

03.11.2024, 10:33
Резервуарды толтыру тауқыметі: ақтаулықтар неге сусыз отыр
Ашық дереккөзден

Ақтау тұрғындары ауыз су мен жылудың "жырын" айтып, әлі күнге дейін шағымданып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

БОЛҒАН ЖАҒДАЙ

Бір күн бұрын қала тұрғындары инженерлік желілердегі ақауларға байланысты жолдарды жауып тастаған болатын. Ал «МАЭК» ЖШС компания резервуарларды толтыруда қиындықтарға тап болып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ жылу жүйелерін сумен толтыру үшін көп мөлшерде ауыз су пайдаланылғаны белгілі болды.

СӨЗБЕ-СӨЗ

«Каспий” тұщыту зауытын кеңейту жұмыстары аяқталып келеді. Ауыз су өндірісін кеңейту арқылы оның кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. 

Құйылыс-Меловое кен орнынан (ұзындығы 46 шақырым) су тартуды қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары да аяқталудың алдында тұр. Құрылыс-монтаж жұмыстары біткеннен кейін аталған су құбыры арқылы қалаға су беруді арттыруға болады», деп сендірді компания өкілдері.

Еске сала кетсек, 30 қазан күні Ақтауда 14 тұрғын ауданында магистральды құбырға жүргізілетін жедел жөндеу жұмыстарына байланысты ауыз су уақытша тоқтатылған еді.

Сондай-ақ Ақтаудағы жылу желілерінде жаппай апат болып, қала бойынша барлығы 27 жерден құбыр жарылған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ақтау тұрғындары әлі де жылу мен ыстық суға жарымай отырғанын кеше де жазған едік. 

ЖОЛДЫ ЖАУЫП ТАСТАҒАН

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтау қаласындағы көшеде айғай-шу болған бейнежазба тарады. Белгілі болғандай, бір үйдің тұрғындары пәтерлеріндегі жылудың жоқтығына наразылық ретінде жолды жауып тастаған. Олар қала әкімімен кездесуді талап етіп, мәселелерін тыңдауды сұраған.