×
$
461.39
534.75
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
461.39
534.75
5.45

Мұнайлы Маңғыстауды не алаңдатады – әділдікті ту еткен өңірден репортаж

17.08.2026, 18:03

«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар Маңғыстау облысының өзекті мәселелерін тұрғындармен бірге талқылады.

Айбек Дәдебай бастаған Республикалық сайлауалды штаб Ақтауда тұрғындармен, бизнес, білім, медицина саласының өкілдерімен және жастармен кездесті. 

Әңгіме барысында Каспийдің экологиясы, өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі, МАЭК-тің тұрақты жұмысы және су мәселесі көтерілді. 

Тұрғындар жұмыспен қамту, коммуналдық инфрақұрылым, медицина, интернет және инженерлік желілерге қатысты өз ұсыныстарын айтты. Кандидаттар «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Маңғыстауды дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті. 

Сонымен қатар партия өкілдері «ҚазАзот» пен Ақтау портында еңбек ұжымдарымен кездесіп, өндіріс, көлік-логистика және экспорт мәселелерін талқылады.

Шығарылымды Ұлыстың YouTube-арнасынан көре отырыңыздар.