×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы қысқарады: Қаржы министрлігі мәлімдеме жасады

05.11.2024, 08:51
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы қысқарады: Қаржы министрлігі мәлімдеме жасады
ашық дереккөзден

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру жайлы ақпараттарқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ НЕ ДЕЙДІ

– Үкіметтің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу), – делінген хабарламада.

Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ деп түсіндіріледі. Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын деп еске салады ведомство.

– Инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс, – деп түсіндіреді Қаржы министрлігі.

ӘҢГІМЕ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

“Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер енді сыйақы ала алмайды” деген ақпарат бұған дейін көп талқыланған еді. Қыжылын тұспалмен болсын біршамасы әлеуметтік желіге қалдырған. Кейбірі "басшылардың қалтасын жұқартпаса да, қарапайым, қатардағы мемлекеттік қызметкерлерге қиын болады" деп те жазған. 

Ulysmedia.kz тілшісі бүгін Астанада өткен шетелдік инвесторлардың кеңесінде өзі көрген бірнеше министрден осы мәселе жөнінде пікір біліп, сол басшылардың өздері қанша айлық әрі сыйақы алатынын біліп көрген болатын.