Энергетика министрлігі қазір "қысқа тізімге" енген ықтималды вендорлармен келіссөз басталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазір "қысқа тізімге" енген ықтималды компаниялармен диалог рәсіміне сәйкес келіссөздер басталған. Бұл ынтымақтастықтың барлық аспектісін – техникалық, экономикалық және құқықтық мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
– Бұл формат халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қазақстанның ұлттық мүдделерін барынша қанағаттандыратын оңтайлы шешімді таңдауға мүмкіндік береді. АЭС құрылысы жобасы үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешім 2025 жылы қабылданады, – деп хабарлады министрлік.
АЭС РЕФЕРЕНДУМЫ
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтті. Оған сай, жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы бастаманы қолдаған.
ҮКІМЕТ ШОРТ-ЛИСІ
Үкімет АЭС салу мәселесінде 4 ел – Корея, Ресей, Қытай, Франция елдерінің технологияларын зерделеп жатқанын хабарлаған.
ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ
Референдумда дауыс берген кезінде ел президенті "АЭС-ті қай ел салады" деген сұраққа үкімет мәселе бойынша нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өткен.
Үкімет АЭС салынатын орын ретінде Алматы облысы Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылын белгілеп отыр