×
489.36
533.45
4.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.36
533.45
4.99

Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

Бүгін, 01:47
Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды
Ашық дереккөзден

Еліміздің аумағының басым бөлігінде қар жауу, көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел қаупі туатындықтан 6 қараша, сәрсенбі күнге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

6 қарашада түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болжанады.

Алматы қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с. Орал қ.: 06 қараша түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында түнде қатты қар күтіледі. Көктайғақ, күндіз бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Астанада таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанайда күндіз кей уақытта қатты қар, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Атырау облысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с  жетеді.

Қарағанды облысында қарашада күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Ақмола облысында таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.