×
488.91
532.62
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.91
532.62
5

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қандай мүмкіндіктер жасалады – министрдің уәдесі

Бүгін, 11:20
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қандай мүмкіндіктер жасалады – министрдің уәдесі
дереккөз

Қазақстандық мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған жеке көмекшілер пайда болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. 

Оның айтуынша, елімізде 496 ұйым жұмыс істейді, сондай-ақ арнайы қолдауға мұқтаж балаларға арналған 1071 кабинет жабдықталған. Мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да инклюзивті оқыту үшін жағдайлар жасалған. 

Мектептерде «Педагог-ассистент» лауазымы енгізілді, бұл мамандар санын бір жылда 1-ден 2,5 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Енді бұл лауазымның ашылуы мектепке дейінгі ұйымдарда да қарастырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен барлығы 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді. 

Келесі жылдан бастап педагог-ассистенттер колледждерде дайындала бастайды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін мектепте «Жеке көмекші» лауазымы енгізіледі. Сондай-ақ, «Педагог» кәсіби стандартына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде, – деді Ғани Бейсембаев.