Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей Сыртқы істер министрі бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізеді.
Ресейлік министрдің жұмыс сапары екі күнге созылады – 6-7 қараша. Нұртілеумен келіссөздерден басқа, Лавров астаналық жоғары оқу орындарының бірінің оқытушыларымен және студенттерімен кездеседі деп жоспарланған.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында сыртқы істер ведомстволарының басшылары Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарын дайындауға ерекше назар аударады.
Естеріңізде болса, бұған дейін РФ СІМ басшысының Қазақстанға келетіні туралы хабарлағанбыз.