×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Шиномонтаж бен көлік жөндейтін орындардың қызметі қымбаттай түскен

07.11.2024, 13:56
Шиномонтаж бен көлік жөндейтін орындардың қызметі қымбаттай түскен
Көрнекі сурет

2024 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша техникалық қызмет көрсету және автокөлік жөндеу қызметтері айына 1,1%-ға және жылына 10,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НАРЫҚ

Finprom.kz порталының дерегінше, биыл қыркүйек айында автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу көлемі 28,7 млрд теңгені құраған, бұл өткен аймен салыстырғанда ақшалай мәнде 10,5%-ға, ал өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда бірден 77,6%-ға өскен.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі қызметтер көлемі 188,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,9%-ға жоғары (НФИ — 122,1%). Бір жыл бұрын бұл өсім 43,7% құраған (НФИ — 125,2%).

Жаңа көліктер жыл сайын қымбаттап жатқандықтан бұл күтілген жағдай дейді портал мамандары. 2024 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша жылдық өсім 15,5%-ды құраған. Ал жолдағы көліктердің үштен екісінің жасы 10 жылдан асқан. Сондықтан техникалық қызмет бекеттерінің қызметтері қанша қымбаттаса да, өзекті болып қала бермек.

ЦИФРЛАР

“2024 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша техникалық қызмет көрсету және автокөлік жөндеу қызметтері айына 1,1%-ға және жылына 10,7%-ға қымбаттады. Бір жыл бұрын айлық өсім 0,9%, ал жылдық өсім 15,5% құраған болатын. Аймақтар бойынша СТО қызметтерінің жылдық қымбаттауы Алматы облысында 1,7%-дан бастап, Батыс Қазақстан облысында 33,5%-ға дейінгі аралықта өзгерді. Сонымен қатар, Ақмола (20,3%-ға), Шығыс Қазақстан (19,4%-ға) облыстарында және Астанада (19,4%-ға) айтарлықтай өсім байқалды” дейді мамандар.

ШИНОМОНТАЖ ҚЫЗМЕТІ

Сондай-ақ елде елде жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру маусымы басталды, ал уақытты өткізіп алған жүргізушілер бірінші қар жауысымен “СТО” қызметтеріне жүгінуге мәжбүр. Қазан айының қорытындысы бойынша шиномонтаж қызметтері жылына 10,2%-ға қымбаттаған, ал бір жыл бұрын бұл өсім 11,9% болған.

Көлік жуу қызметінің бағасы жылына 12,1%-ға өскен. Техникалық тексеру қызметтерінің бағасы 9,5%-ға қымбаттаған. Ал бір жыл бұрын өсім 8,6% құраған еді.