×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Орал қалалық сотының төрағасы 10 күнге қамалды

Орал қалалық сотының төрағасы 10 күнге қамалды
Фото: ашық дереккөз

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов тергеу органдарының өтініші бойынша 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот басшысын қамауға алу санкциясын Астанадағы тергеу соты берген. Ресми мәліметке сәйкес, 6 қарашада тергеуші Орал қалалық сотының төрағасын 10 күнге қамауға алуға өтініш түсірген. Сол күні мамандырылған ауданаралық тергеу соты Жұмағұловты қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырды.

Сондай-ақ Астана қаласының мамандырылған ауданаралық тергеу сотына қалған күдіктілерге қатысты материалдардың түспегенін хабарламаймыз, – дейді сот мамандары.

НЕ ҮШІН

Айта кетері, 5 қарашада Орал қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұловтың пара алу үстінде ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Онымен бірге екі адвокат та болған. 1,5 миллион теңге сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығаруға арналған.