×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Еуропалық одақ Трамп Украинаға көмектесуден бас тартса не істейтінін талқылай бастады

09.11.2024, 10:02
Еуропалық одақ Трамп Украинаға көмектесуден бас тартса не істейтінін талқылай бастады
Bloomberg.com

Еуропалық Одақтың жетекшілері Дональд Трамп АҚШ-тың Украинаға қолдауын тоқтатса, Украинадағы соғысқа байланысты не істейтінін талқылап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛАҢДАУШЫЛЫҚ

Bloomberg.com аноним дереккөзіне сүйеніп Будапештте өткен кездесуде блоктың соғыс шығындарын көтеруге қаншалықты дайын екені талқыланғанын жазды.

Негізгі алаңдаушылық – Трамп қаржылық жүктемені Еуропаға ауыстыруы ммүкін дегеннен туып отыр. 

Трамп сайлау науқанында Украинадағы қақтығысты тез арада тоқтатуға уәде берген, бірақ Киевке қолдау көрсету мәселесінде екіұшты ой  білдірген.

ЕУРОПА МЕН АҚШ ҚОЛДАУЫ

Еуропалық одақ бүгінде Украинаға ең үлкен көмек көрсетуші болып отыр. Соғыс басталғаннан бері Украинаға 118 миллиард еуро (127 миллиард доллар) бөлген. Ал АҚШ жалпы 85 миллиард еуро берген, бірақ биыл ақша ағыны азайып, тек 17 миллиард еуро бөлінген.

Еуропалық Одақ бұл сомадан екі есе көп көмектесті. Кейбір еуропалық шенеуніктердің айтуынша, мәселе ақшада емес, негізінен АҚШ-тан келген әскери ресурстардың барында болып отыр.

АҚШ кейбір қуатты қарулардың, айталық F-16 және ұзақ қашықтыққа ұшатын ATACMS зымырандарының негізгі көзі. Бұл Украинаға Ресей әскерімен алдыңғы шептен алыс жерде соғыс жүргізуге мүмкіндік береді.

ИДЕЯЛАР МЕН ҰСЫСЫНТАР

Кейбіреулер Еуропа Трамптың қаңтардағы инаугурациясына дейін оның Украинаға қатысты ниетін білу үшін уақыт өткізу керек десе, басқалары жетекшілердің ондай мүмкіндігі жоқ екенін және Еуропалық комиссия АҚШ көмегі тоқтаған жағдайда не істейтіні туралы ұсыныстар әзірлеуі керектігін айтты.

Саммиттің иесі және Трамптың Еуропадағы ең үлкен қолдаушысы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан жұма күні радиоинтервьюде Орбан Еуропа «жоғалған» соғысты өз бетінше қаржыландыра алмайтынын және АҚШ Украинаға қолдауын тоқтататынын мәлімдеді.

Бірақ басылым Киевке көмек көрсетуге қарсы болып келген Венгрия лидері Путинмен және Трамппен тығыз байланыс орнатқандықтан, бұл талқылауда адал делдал еместігін ескертеді.

Бүған дейін Украина АҚШ-тың жаңа президенті тиімді емес шарттарға қол қоюға мәжбүрлейді деп алаңдайтынын жазған болатынбыз.