Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында екі әйелдің өліміне қатысы бар 28 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша полицейлер бұрын сотталмаған 28 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», делінген хабарламада.
Бұрын сотталмаған күдікті қазір қамауда отыр.
Сонымен қатар қылмыс болған пәтердің иесі тұрғындарды тіркеусіз баспанамен қамтамасыз еткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.