×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болды – Қорғаныс министрлігі

09.11.2024, 13:15
Тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болды – Қорғаныс министрлігі
ТЖМ

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы МИ-8 әскери тікұшағының құлауына байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Биылғы жылғы 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді”, делінген ресми хабарламада.

Өкінішке қарай экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

“Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі – техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмысқа кірісті. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Ал марқұмның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілмек.

Еске сала кетсек, бүгін Ақтөбе облысында Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағы құлап, бір адам қаза тапты.