Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Ақтөбе облысының әкімдігі өңірдегі ұшақ апатынан зардап шеккен екі адам ауруханада жатқанын хабарлады.
«Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты және ауыр», делінген хабарламада.
Науқастарды әуежайда екі реанимациялық бригада күтіп алған. Оларды қатты күйік шалған. Қазір зардап шеккендер жансақтау бөлімінде, диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр.
ҚАШАН БОЛДЫ
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағы құлап, бір адам қаза тапты. Оқыс оқиға 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында оқу-жаттығу ұшағы кезінде болған.
Қорғаныс министрлігі тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді.