Астанадаға Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайының әкімшілігі ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктіріліп жатқан рейстер туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшып шығуға жоспарланған 75 рейстің 6-ы кешіктірілді”, деп хабарланды әуежайдың баспасөз қызметінен.
Атап айтсақ, SU1957 Астана-Мәскеу, КС7208 Астана-Атырау, КС7315 Астана-Қызылорда, КС921 Астана-Франкфурт, DV716 Астана-Шымкент, КС642 Астана-Алматы рейстері уақытылы орындалмай жатыр.
Әуежай басшылығы ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшып шыққан ұшақтардың кешігуі немесе тоқтатылуы болған жоқтығын мәлімдеді.
“Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының www.nn-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады”, деп ескерте кетті әуежай әкімшілігі.
Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, бұрқасын күтілетіні, кей аймақтарда тұман түсетіні хабарланған.