×
508.05
534.82
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.05
534.82
5.06

Есірткіге қарсы күрес: Шу ауданында 380 гектардан астам алқап анықталған

11.11.2024, 16:07
Есірткіге қарсы күрес: Шу ауданында 380 гектардан астам алқап анықталған
Көрнекі сурет

Ішкі істер министрлігі 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика аумағында жүргізілген “Қарасора – 2024” кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕРЕКТЕР

Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға, жасырын егістіктер және плантацияларды жоюға бағытталған іс-шаралар барысында 1607 есірткі қылмысы анықталған. Оның ішінде 799 сату фактісі; есірткіні заңсыз сақтаудың 194 фактісі; 245 өсіру фактісі.

Заңсыз айналымнан 21,5 тонна есірткі тәркіленген, оның ішінде: 1,5 кг-нан астам героин; шамамен 4,5 тонна марихуана; 200 кг-нан астам гашиш; 187 кг синтетика; 16 тоннадан астам каннабис өсімдігі; құрамында есірткі бар өсімдіктердің 180 мың бұтасы анықталған.

– Сонымен қатар операция барысында полиция екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Қарағанды облысында ұйымдасқан топ анықталды. 15 күдікті ұсталды. Олар “мефедронды” Telegram арқылы сатқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Алматыда 5 адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленді. Бұлар да интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Тінту кезінде күдіктілерден 20 кг “мефедрон” және 750 кг прекурсор тәркіленді, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

ЖҰМЫЛДЫРЫҒАН КҮШТЕР

Спикердің айтуынша, операцияға министрліктің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ғана емес, “Сұңқар”, “Бүркіт” арнайы бөліністерінің жауынгерлері, тікұшақтар мен пилотсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған.

– Ұлттық ұланның екі тікұшағының көмегімен Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтарында, яғни жалпы ауданы 600 мың шаршы шақырымға жуық жерде әуе барлауы жүргізілді. Барлығы 42 ұшу жүзеге асырылды. Жалпы салмағы 3 тонна болатын 15 мыңнан астам “үнді” және “голланд” қарасорасының бұталары жойылды. Яғни, айналымға есірткінің 166 мыңнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Оның қара нарықтағы орташа құны 7,5 млрд. теңге болушы еді. 12 күдікті, оның ішінде іздеуде жүрген бір қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі атыс қаруы тәркіленді, – деді Шыңғыс Алекешев.

ШУ АЛҚАБЫ

Жамбыл облысының Шу ауданында 380 гектардан астам алқапта 100 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. “Қарасора” операциясы кезінде синтетикалық есірткі өндіретін 15 есірткі зертханасы анықталып, лардан 55 кг синтетика және 3 тонна түрлі прекурсор тәркіленген.