Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
2024 жылғы 11 қарашада сағат 18:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1505-1610-шақырым аралығында (Новостройка ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, кеше "ҚазАвтоЖол" ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойған болатын.