×
492.17
522.39
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.17
522.39
5

«Ота сәтті жасалды». Әскерде жарымжан болып қалған Ербаян Мұхтардың жағдайы белгілі болды

«Ота сәтті жасалды». Әскерде жарымжан болып қалған Ербаян Мұхтардың жағдайы белгілі болды
Коллаж Ulysmedia

Әскерге өз аяғымен барып жарымжан болып қалған Ербаян Мұхтардың қорғаушысы, журналист Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында сарбаздың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, Ербаян емін жалғастырып жатыр.

«Пікірде, жекеде Ербаянның жағдайын сұрап, хабарласып жатқан ағайынға мың алғыс. Қазір Ербаянның жағдайы бірқалыпты, Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Бірінші тұрған фото бүгін жасалды. Екінші фото Стамбулға келген кезде басына жасалған отадан кейінгі кезі. Құдайға шүкір ота сәтті жасалып, енді реабилитациялық ем-шара, ЛФК процедуралары басталды», – деді Инга Иманбай.

Құқыққорғаушының сөзінше, қалпына келу уақыт пен біраз шыдамды талап етеді.

«Оған дайынбыз. Әрі қарай Ербаянның жігері мен дәрігерлердің кәсібилігіне сенеміз. Ербаянымызды іздеп, сұрап, ниеттес болғандарыңызға мың алғыс. Қазірге жаңалығымыз осы. Айтарлықтай өзгеріс, жақсы жаңалығымыз болса міндетті түрде Сіздермен бөлісеміз», – деп жазды ол.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: “Өмір үшін күрес”: әскерде комаға түскен Ербаянның тағдыр баяны қалай өзгерді?

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін әскерде жараланған Ербаян Мұхтарды қараған дәрігерлер тергеуге алынғанын жазған едік.