×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Баламыз сияқты...»: Түркиядан келген Юки мысығы Астана әуежайында жоғалып кеткен

«Баламыз сияқты...»: Түркиядан келген Юки мысығы Астана әуежайында жоғалып кеткен
Фото: видеодан скрин

Түркиядан Қазақстанға ұшып келген Юки мысығы жүк тиеушінің кінәсінен Астана әуежайында жоғалып кеткен. Атбасар тұрғыны бір айдан астам уақыт бойы мысығын таба алмай жүрген көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«БАСҚА ЖЕРДЕ ӨМІР СҮРЕ АЛМАЙДЫ»

КТК телеарнасының мәлімдеуінше, мысық Ыстамбұлдан келген ұшақтан түсіріп жатқанда Астана әуежайында адасып қалған. Әуе компаниясының ережелеріне сәйкес, мысық жүк бөлімінде ұшып келген.

Бортсерік жүк тиеушінің жануар тасымалдайтын торды қолынан құлатып алғанын, мысықтың қашып кеткенін көрген. Мен еріктілерді жинап, көп рет полицияға бардым. Олар кешірім сұрап, басқа мысықты ұсынды. Мен олардан өз мысығымды тауып берулерін сұрадым. Отбасымыз бар, арыз жазбаңдар дейді. Ол да біздің баламыз сияқты. Басқа жерде өмір сүре алмайды, – дейді Екатерина Барлас.

ӘУЕЖАЙДЫҢ БІРНЕШЕ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Юкидің отбасы Түркиядан Қазақстанға көшіп келген. Үй жануары 4 қазанда жоғалған. Содан бері ол табылмаған.

Астана әуежайы мысықты қадағаламаған бірнеше қызметкер жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Бұл оқиғаны тексеру барысында бейнебақылау камераларының барлық жазбалары мұқият қаралды, бірақ мысық табылмады. Жұмыстан тыс уақытта әуежай қызметкерлері Юкиді іздеуге белсене атсалысты. Сондай-ақ қызметтік тексеру жүргізу үшін комиссия құрылып, оның нәтижесінде платформа тиегіштер бөлімшесінің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді әуежай қызметкерлері.