Ербол Мырзабосыновқа бұл сұрақ мәжіліс кулуарында қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КӨП ШӘКІРТІМНІҢ БІРІ ШЫҒАР
– Тик-Токта сіз жайлы көп видео тарап жүр. “Тарихтағы ең күшті министр, осы кісі келіп, легионерлерден спортты тазартып жатыр” деген рилстар жүр. Өзіңізді мадақтап жүргендерге қалай қарайсыз? – деп сұрады журналистер жаңа спорт министрінен.
Мырзабосынов “оған өзі де қарсы” екенін айтады.
– Оны көрдім. Әрине, достарымыз бәрін жібереді. Біз Тик-Токқа да хат жолдадық. Меніңше, әр жерде педагогикалық жолдан өттім. Жоғары оқу орындарында сабақ бердім. Жаттықтырушы қызметінде көп жылдар қызмет атқардым. Сол көп шәкірттерімнің бірі ме деп ойлап жүрмін. Қазір анықтау үстіндеміз, – дейді ол.
Бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі жаңа спорт министріне “өз қызметіңізге лайықпын деп ойлайсыз ба” деп сұраған.