×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандағы инфляция 8,5%-ға жетті, жыл соңына дейін тағы өсуі мүмкін

13.11.2024, 15:51
Қазақстандағы инфляция 8,5%-ға жетті, жыл соңына дейін тағы өсуі мүмкін
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазан айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,5%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛҒЫРАҚ

Қазақстанның 10 өңірінде инфляция баяулағанымен, 8 өңірде өсті, ал 2 өңірде өзгеріссіз қалды. Инфляцияның ең жоғары көрсеткіштері Астана және Маңғыстау облысында тіркелді.

Азық-түлік бағасы өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өсті (қыркүйекте – 5,1%). Ең үлкен қымбатшылық Алматыда (7,4%), ал ең аз өсу Түркістан облысында (2,7%) байқалды. Азық-түлік емес тауарлар бағасы 7,8%-ға өсті (қыркүйекте – 7,6%), бұл ретте ең жоғарғы өсім Түркістан облысында (13,2%), ең төменгісі Жетісу облысында (5,0%) байқалды.

Ақылы қызметтердің бағасы 14,3%-ға өсті (қыркүйекте – 13,6%). Ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында – 18,1%-ға жетті, ал Алматы облысында 8,3%-ды құрады. Ел бойынша қазандағы айлық инфляция 0,9%-ды құрады.

БАҒА ӨЗГЕРІСІ

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық тарифтерінің қымбаттауы инфляциядан асып түсіп жатыр. Жаңа жылдық маусым жақындап қалғандықтан көкөніс пен жеміс-жидек бағасының маусымдық өсуі алда екенін ескерсек, жылдың соңына дейін инфляция тағы да өсетіні болжанады.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның деректеріне сәйкес, Қазақстан азық-түлік бағасының өсу қарқыны бойынша Армениядан кейінгі ең төменгі көрсеткішке ие болған. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,9%, Ресейде 4,5%, ал Беларусьте 3,7% құраған.