×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Украина "ядролық қару жасап жатыр" деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады

14.11.2024, 08:57
Украина "ядролық қару жасап жатыр" деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады
Көрнекі сурет

Украинаның сыртқы істер министрі Times мақаласындағы "Украина ядролық қару жасап жатыр" деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Украина Сыртқы істер министрлігі Киев ядролық қару әзірлеп жатпағанын және болашақта да әзірленбейтінін мәлімдеді.

Украинаның СІМ баспасөз хатшысы Георгий Тихийдің сөзінше, ел МАГАТЭ ұйымымен тығыз ынтымақтастық орнатып, толық ашықтықты қамтамасыз еткен, бұл ядролық материалдарды әскери мақсатта пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Times басылымы «Зеленскийдің ядролық нұсқасы: Украина бомбаға бірнеше ай қалды» атты мақаласында Украина ядролық қару жасап жатқаны туралы нақты айтпайды. Мақалада тек Қорғаныс министрлігіне арналған құпия емес жазбада егер АҚШ-тың әскери қолдауы тоқтатылса, Украина өз атом электр станцияларындағы пайдаланылған отыннан алынған материалдарды қолданып, қарапайым ядролық оқтұмсық жасап шығара алатыны туралы теориялық пікір айтылған.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Кеше АҚШ Солтүстік Корея сарбаздары Курскте Украинаға қарсы соғысты бастап кеткенін хабарлады.

Британдық The Telegraph газетінің дерегінше, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына дейін Курск облысын толық бақылауға алуды көздеп отыр. Бұл қадам Мәскеуге кез келген бейбіт келіссөздерде өз позициясын күшейтуге мүмкіндік береді деп болжайды батыс дипломаттары.

РЕСЕЙ-СОЛТҮСТІК КОРЕЯ СЕРІКТЕСТІГІ

11 қарашада Солтүстік Корея Ресеймен кешенді стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялады. Келісім екі елдің біріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда, бір-біріне барлық мүмкін құралдармен әскери және басқа да көмек көрсетуді қарастырады.