×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үндістанда ауруханадан өрт шығып, 10 сәби қаза болды

Үндістанда ауруханадан өрт шығып, 10 сәби қаза болды
Фото: AP Photo/Rajesh Kumar Singh

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Джанси қаласында жаңа туған сәбилерді сауықтыру мекемесінде өрт шығып, салдарынан 10 нәресте қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

16 СӘБИ АУЫР ЖАҒДАЙДА

Dw.com порталының мәліметінше, тағы 16-сы ауыр жағдайда.

Жергілікті билік неонаталдық бөлімшедегі өрттен кем дегенде 10 жаңа туған нәресте қайтыс болғанын растады.

Деректерге сүйенсек, өрт Джанси қаласындағы Махарани Лакшми Бай медицина колледжінің жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде шыққан.

54 НӘРЕСТЕ БОЛҒАН

“Жеті дененің кім екені анықталды. Үш дененің кім екені әлі анықталған жоқ” – деді штаттың бас министрінің орынбасары Браджеш Патхак.

Times Now үнділік басылымының мәліметінше, тағы 16 нәресте ауыр жағдайда. NDTV телеарнасының хабарлауынша, өрт шыққан кезде жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 54 сәби болған.