Даниялық Виктория Кер Тейлвиг "Әлем аруы 2024" атағына ие болды. Ол – осы байқауда жеңіске жеткен Данияның алғашқы өкілі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Виктория Кьер Тейлвиг – 21 жастағы кәсіби биші, кәсіпкер, үй жануарларын қорғаушы және болашақ заңгер. Ол сенбі күні кешке Мехикода өткен жыл сайынғы сұлулық байқауының финалында 120-дан астам қатысушының ішінде жеңімпаз атанды.
Оны Никарагуаның қазіргі титул иегері Шейнис Палачиостың тәжін алған кезде оның басқа қатысушылар құттықтады.
ФИНАЛ
CNN жазуынша, биылғы финалда әнші Робин Тик өнер көрсеткен. Ал кешті "Қоңыраумен құтқарылған" сериалының жұлдызы Марио Лопес және бұрынғы "Әлем аруы" Оливия Кулпо жүргізген.
Байқау бірнеше кезеңнен өтті. Әр түрлі елдердің қыздары ұлттық костюмдер, купальниктер мен кешкі көйлектерін киіп, өнер көрсетті. Қазақстаннан байқауға 24 жастағы Мадина Әлмұханова қатысты.