×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

Иран хиджаб кигісі келмейтін әйелдерді «емдейтін» болды

17.11.2024, 18:55
Иран хиджаб кигісі келмейтін әйелдерді «емдейтін» болды
Ашық дереккөзден

Иран билігі елде қоғамдық орындарда хиджаб кигісі келмейтін әйелдерді емдейтін емханалар ашуды көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Il Fatto Quotidiano Теһрандағы ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу штабының әйелдер және отбасы істері бөлімінің басшысы Мехри Талеби Дарестаниге сілтеме жасап жазады.

Шенеуніктің айтуынша, бұл мекемелер «хиджабты шешу мәселесін» және оның психологиялық салдарын зерттейді.

«Мұндай орталықтарға бару ирандық әйелдер үшін міндетті емес», – деді ол.

ЗАҢГЕРЛЕР ҚАРСЫЛЫҒЫ

Дегенмен заңгерлер мұндай емханалардың пайда болуына алаңдап отыр. Олар билік әйелдердің хиджаб киюге деген құлықсыздығын «емдеуді» қажет ететін «патологияға» айналдырады деп қорқады.

Ирандық психиатрлардың төрт бірлестігі қыздарға ғылыми негізделмеген диагноз қою тәжірибесін айыптап, бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұған дейін хиджабтан бас тартқан ирандық әйелдер психиатриялық «емделуге» жіберілген болатын.

Еске сала кетсек, қараша айының басында хиджаб киюдің міндеттілігіне наразылық білдіріп, іш киіміне дейін шешінген студент Ахоу Дарьяи да арнайы орталыққа жіберілген.