×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

"Сома маңызды емес" – Жұманғарин астық сатып алуға бөлінген 10 млрд теңге туралы

Бүгін, 11:09
"Сома маңызды емес" – Жұманғарин астық сатып алуға бөлінген 10 млрд теңге туралы
Ulysmedia коллажыo

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин фермерлерден астық сатып алуға үкімет резервінен қаражат бөлінгенін мәлімдеп, бұл жерде сомадан гөрі әрекеттің маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Серік Жұманғариннің айтуынша, фермерлерге астықты форвардтық келісімшарт арқылы сатып алу бағасы алдын ала жарияланған. Ол өңірлерге барып, фермерлермен жеке кездескенін және олардың ұсынылған шарттарды мақұлдағанын айтты.

"Мұнда маңыздысы – сомасы немесе қаржыландыру көзі емес, маңыздысы – прецедент. Қазір нарық сигналдармен жұмыс істейді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде нарыққа хайппен айналысатындар көбірек сигнал беріп жатыр", – деді ол.

НАРЫҚТЫ ЫНТАЛАНДЫРУ

Оның сөзінше, 2023-2024 жылдарға арналған форвардтық сатып алу процесі жалғасуда. Бұл нарықтағы бағалардың тоқырауы мен белгісіздігін жою үшін маңызды қадам болып отыр.

Вице-премьер түсіндіргендей, тікелей сатып алу механизмі нарықты ынталандыруға ықпал етеді. Оның айтуынша:

  • Қыркүйек және қазан айларында 2,1 миллион тонна астық сатылды.
  • Бұған дейінгі 8 айда бар болғаны 4 миллион тонна сатылған еді.

Қазір ай сайын нарықта 1 миллион тоннадан астам астық сатылуда. Жоспар бойынша, жыл соңына дейін 12 миллион тонна астық сатылуы тиіс.

ҚИЫНДЫҚТАР

Серік Жұманғарин елдегі астық тасымалына қатысты кейбір қиындықтарды атап өтті:

  • Қытайға экспорт мәселелері;
  • Ресей арқылы тасымалдаудағы қиындықтар.

"Біз бұл мәселелерді шешіп жатырмыз, соның ішінде жылжымалы құраммен байланысты проблемалар да реттелуде", – деп түсіндірді вице-премьер.

БҰҒАН ДЕЙІН

Россельхознадзор Қазақстаннан бидай, жасымық, зығыр дәні, қызанақ, бұрыш, күнбағыс дәні мен қауын жеткізуге уақытша шектеу қойған. Ресейлік мекеме олардың “карантиндік тауар” деп тапқан.

ДЕПУТАТ ДАБЫЛЫ

Депутат Айдарбек Қожаназаров шектеуге байланысты қалыптасатын ахуал бойынша дабыл қаққан.

Мұндай кедергілер біздің елдің ауылшаруашылығы саласына, жалпылай алғанда экономикамызға салмақ салып отыр: Қазақстандық экспорттаушылар үлкен қаржылық шығынға ұшырады; вагондар тоқтап қалды, өнімдерді жеткізу мерзімі өтіп жатыр. Келісімшартта көрсетілген міндеттемелер бұзылды. Біздің елдің азаматтары сол үшін айыппұл арқалап, шығынға бата бастады, – деген депутат үкімет басшысының атына жолдаған сауалында.

САЛДАРЫ

Депутаттың сөзінше, Россельхознадзордың осындай әрекеті биыл жинадық деп жар салған 25,2 миллион тоннаға дейінгі астықтың бұзылу қаупін төндіріп отыр. Тағы да сападан ұтыламыз, уақыт жоғалтамыз. 

Бұл асыра айтылған әңгіме емес, бірақ ала жаздай бел жазбай еңбек еткен диқандардың еңбегі зая кетудің алдында тұр. Қысқасы, Россельхознадзор енгізген шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың талаптарын бұзып тұр. Онымен қоймай Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы тауарлар мен транзиттің еркін қозғалысының басты принциптеріне қайшы келіп отыр – деді ол.