×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

Instagram-дағы ұтыс ойыны: Шымкентте блогерді лотерея үшін соттады

Бүгін, 19:03
Instagram-дағы ұтыс ойыны: Шымкентте блогерді лотерея үшін соттады
Ulysmedia коллажы

Шымкентте заңсыз лотерея өткізді деп айыпталған ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Instagram-да лотерея билетінің бағасын 2000 теңгеге белгілеп, автокөлік ұтыс ойыны мен ақшалай сыйлықтар туралы хабарлама жариялаған.

Сот отырысында Шымкент тұрғыны лотереяны ұйымдастырудың заңсыздығын білмейтінін айтып, өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес оған өкінішін ескере отырып, 258 440 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Қазақстанда лотереяларды ұйымдастырумен және өткізумен мемлекеттік органдардан тиісті рұқсаты бар заңды тұлғалар айналыса алады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелеріне өзгерістер енгізілетін заңға қол қойған болатын.

Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды. 

Шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару көзделген. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді.